Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты: Қазақстан нешінші орындa

ҚХФ
Швеция мен Данияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі қарсаңында Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) дәстүрлі Power Rankings рейтингінің төртінші нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Турнир фавориті саналатын Канада құрамасы өз позициясын нығайта түсті. Канадалықтар топтық кезеңнің шешуші кездесуінде жарыс иесі - Швецияны 5:3 есебімен тізе бүктірді.
АҚШ құрамасы да мықтылығын дәлелдеп, қазіргі әлем чемпионы Чехияны сенімді түрде - 5:2 есебімен жеңіп, рейтингтің екінші сатысына орналасты.
Үшінші орынға Швейцария жайғасты. Олар В тобындағы көшбасшылықты Қазақстан құрамасын 4:1 есебімен жеңу арқылы қамтамасыз етті.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы үшін турнир аса сәтті болмады. АҚШ құрамасынан 1:6 есебімен жеңіліске ұшырағаннан кейін, Power Rankings рейтингінде 15-орынмен шектелді.Check out the new edition of the 2025 #MensWorlds Power Rankings.💪 #IIHF pic.twitter.com/LPucP9BLs3
— IIHF (@IIHFHockey) May 20, 2025