Қазақстандық шабуылшы фин клубымен келісімшартын ұзартпақ

Хоккей
«Эссят» ХК
Қазақстандық шабуылшы Дәулет Нүркенов Финляндияның «Эссят» клубымен келісімшартын ұзартпақ, деп хабарлайды Bassport.kz Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Хоккейші Финляндияда 2020–2021 маусымынан бері өнер көрсетіп келеді.
Өткен маусымда 20 жастағы шабуылшы тұрақты чемпионаттың 13 матчында 5 (2+3) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңіндегі екі ойында нәтижелі әрекеттер тіркелмеді.
Сондай-ақ, бірінші дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионатында «А» тобында Қазақстан құрамасы сапында бес матчқа қатысып, бір шайба соқты.