«Барыс» клубының жаңа басшысы ресми түрде таныстырылды

Хоккей
“Барыс” ХК
Астаналық «Барыс» хоккей клубы ұйым құрылымындағы маңызды өзгерісті ресми түрде жариялады. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сәкен Мұсайбеков «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды, деп жазады Bassport.kz.
— «ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен Сәкен Мұсайбеков «Барыс» ХК-ның бас директоры болып тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.
Айта кету керек, 57 жастағы спорт функционері қазіргі уақытта ҚХФ (Қазақстан хоккей федерациясының) бас директоры қызметін де қоса атқарады. Сонымен қатар ол — Қазақстан ҰОК-нің қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-президенті.