Ислам Махачев Шавкат Рахмонов салмағындағы UFC титулдық жекпе-жегінің “нәтижесін” болжады

Жекпе-жек
Getty Images
Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы, 33 жастағы ресейлік Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек оңай болмайды, шыны керек. Мен оның Белалмен болған айқасын көрдім. Ол жақсы, шынымен мықты жігіт. UFC-дегі мансабының басында оның күреске байланысты біраз қиындықтары болған, бірақ қазір ол бұл тұстарын айтарлықтай жақсартты. Мен Делла Маддаленаның мықты балуандармен және грэпплерлермен жаттыққанын көрдім. Сол себепті де ол қазір осындай деңгейде тұр. Джек – барлық қырынан қауіпті. Бірақ жақында біз кімнің әлемдегі ең үздік жекпе-жек шебері екенін көреміз», – деді Махачевтің сөзін әлеуметтік желідегі Home of Fight аккаунты келтірген.
Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы рейтингте үшінші орында қазақстандық Шавкат Рахмонов тұр.