Еуропалық клуб «Ақтөбенің» жаңа ойыншысына алмастырғыш тапты

Футбол
Getty Images
Черкасск қаласының ЛНЗ клубы Нигер ұлттық құрамасының ойыншысы Даниэль Сосаның орнына украин шабуылшысы Руслан Степанюкті қатарға қосқысы келеді, деп хабарлайды Bassport.kz Profootball.ua сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ТаТоТаке мәлімдеді.
Бұған дейін Сосаның украин клубымен келісімге келе алмағаны және мансабын «Ақтөбе» клубында жалғастыруға шешім қабылдағаны белгілі болған. Шабуыл шебін күшейтуді көздеген ЛНЗ тәжірибелі украин ойыншысы Степанюкті шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Ол — Украин Премьер-Лигасында көп жыл ойнаған және тұрақты нәтижелілігімен ерекшеленетін футболшы.