Қасымбек Дінмұхаммед Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қасымбек Дінмұхаммед Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Күрес

Спорт комитеті

Вьетнамның Вунгтау қаласында жасөспірімдер (U17) арасындағы Азия чемпионаты аясында Қазақстан қоржынына медаль түсті.

Еркін күрестен сынға түскен Қасымбек Дінмұхаммед 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Жарыс 2025 жылдың 21-26 маусым аралығында өтіп жатыр. Дарынды спортшы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында орналасқан «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының» өкілі саналады.