Арман Кеңесов күтпеген жерден басқа клуб ойыншысы ретінде таныстырылды

Арман Кеңесов күтпеген жерден басқа клуб ойыншысы ретінде таныстырылды
Футбол

fcastana.kz

Павлодарлық «Ертіс» 24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесовпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы футболшы маусым соңына дейін өз туған клубының намысын қорғайды.

Арман — «Ертіс» футбол орталығының түлегі. Ол негізгі құрамдағы алғашқы ойынын 2018 жылы, небәрі 17 жасында, Премьер-лига аясында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткізген. Жастар құрамасында 58 матч, ал негізгі командада 14 ойын өткізген.

Кеңесов кең танымалдылыққа «Ақтөбе» клубында ойнап жүріп ие болды. «Қызыл-ақтар» сапында үш маусымда 81 матч өткізіп, 11 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген. «Ақтөбемен» бірге екі рет қола жүлдегер және бір мәрте Қазақстан вице-чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Арман ресейлік «СКА-Хабаровск» пен қызылордалық «Қайсар» клубтарында өнер көрсетті. Биылғы маусымда елордалық «Астана» сапында Премьер-лигада ойнады. Қазақстан чемпионатында жалпы есеппен 106 матч өткізіп, 14 гол соққан.