Александр Бублик әлемнің төртінші ракеткасынан жоғары бағаланды

Александр Бублик әлемнің төртінші ракеткасынан жоғары бағаланды
Теннис

Getty Images

Әлемнің бұрынғы 20-ракеткасы, қазіргі уақытта жаттықтырушы болып жүрген Дмитрий Турсунов Германияның Галле қаласында өткен ATP-500 санатындағы турнирде жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Александр Бублик туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Кеше, 22 маусым күні өткен финалдық матчта Александр ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіп, чемпион атанды.

«Оның әлеуеті өте жоғары. Егер салыстырар болсақ, ол Дрейперден де талантты. Бірақ мәселе басқа — оның тәртіп пен еңбекқорлық жағынан шегі қайда?» — деді Турсунов BB Tennis эфирінде.

Айта кету керек, британдық Джек Дрейпер қазіргі уақытта әлемнің төртінші ракеткасы саналады.

Галледегі турнир 16–22 маусым аралығында өтті. Жүлде қоры — €2 522 220. Өткен жылғы чемпион — италиялық Янник Синнер еді. Алайда 2025 жылы ол екінші айналымда Александр Бубликке есе жіберді.