Ауыл балалары Халықаралық аренада: Атырауда баскетбол турнирі өтуде

Ауыл балалары Халықаралық аренада: Атырауда баскетбол турнирі өтуде
Басқа

23–28 маусым күндері Атырау қаласындағы AiRom Arena спорт кешенінде 2009 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында «AIROM CUP» халықаралық баскетбол турнирі өтіп жатыр.

Бұл — ауылдан шыққан жас спортшылар үшін үлкен арманға жол ашқан, тарихи сәтке айналған жарыс. 26 маусымда турнирге алғаш болып ұлдар командасы шықты. Жамбыл облысы, Жалпақтөбе ауылынан келген AUYL SPORT құрамасы Грузияның Кутаиси командасымен күш сынасты. Матч тәжірибемен қатар нағыз спорттық сын болды. Ойын 27:64 есебімен аяқталып, жеңіс грузиялық командаға бұйырды.

Дегенмен ауыл балалары үшін бұл үлкен спорттағы алғашқы қадам болды. Жас спортшылар 27 маусым күні Әзербайжан мен Атырау командаларымен кездеседі. Бұл ойындарда олар алдыңғы тәжірибені ескеріп, жаңа деңгейде ойнауға тырысамыз деді.

Жарысқа қатысып жатқан AUYL SPORT командасының барлық шығындарын — жол, тұру, тамақ, спорттық жабдықтар мен дайындықты Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры толықтай қамтамасыз етті. Бұл – ауыл жастары үшін мүмкіндіктерге жол ашатын нақты қолдау.