Шавкат Рахмонов Камару Усманды жылатты және титулдық жекпе-жекке «ие болды»

Getty Images
Жекпе-жек тақырыбында мультфильмдер жасайтын суретші Муджахед Фудайлат өзінің YouTube арнасында UFC-дегі жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізгісі келетін нигериялық файтер Камару Усман туралы жаңа видеосын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Сюжет бойынша Усман алдымен жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачевке жекпе-жек сұрап келеді, бірақ ол оны қабылдамайды. Содан кейін Усман қазіргі жартылай орта салмақ чемпионы Джек Делла Маддаленаға барады, алайда ол да жекпе-жекке шыққысы келмейді. Хамзат Чимаев та дәл осындай пікірде болады.
Ақырында Усман қазақстандық Шавкат Рахмоновқа келеді. Екеуі бірге UFC президенті Дана Уайтқа жолығады. Уайт Рахмоновтың рекордын жоғары бағалап, оны келесі титулдық жекпе-жектің үміткері деп жариялайды. Осыны естіген Усман көз жасына ерік беріп, істерикаға түсіп, қашып кетеді.