Белал Мұхаммед қазақстандықты қолдаудан бас тартты

Белал Мұхаммед қазақстандықты қолдаудан бас тартты
Жекпе-жек

Getty Images

UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мұхаммед Бакуде өтетін турнир қарсаңында бірнеше спортшыны қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Matchtv.ru сайтына сілтеме жасап. Сол қолдаған спортшылар қатарында ресейлік Тагир Уланбеков те бар.

Сенбі, 21 маусым күні Уланбеков UFC Fight Night турнирінде Бакуде қазақ спортшысы Азат Мақсұммен ең жеңіл салмақта жекпе-жек өткізеді. Бастапқыда ресейлік балуан Bellator мен Rizin чемпиондары қатарындағы Кэдзи Хоригутимен кездесуі керек болған, бірақ жапон спортшысы жарақатына байланысты турнирден шығып қалды.

— Әзербайжан — мен әрдайым барып көргім келген елдердің бірі. Бұл картта менің командаласым Игнасио Бахамундес бар. Ол — менің бауырым, сондықтан мен оған қолдау көрсету, бірге жаттығу жасау және оның жеңісіне көз жеткізу үшін келдім. Сондай-ақ мен Тагир Уланбековты қолдаймын, және Мұхаммед Найымовтың жеңіске жеткенін көргім келеді. Бас жекпе-жекте Джамаал Хиллдің жеңгенін қалаймын. Мұнда мен танитын және жеңісіне қуанышты болатын көптеген жігіттер бар. Солардың бірі — Кертис Блэйдс, — деді Мұхаммед.

Айта кетейік, Уланбековтің аралас жекпе-жектегі көрсеткіші — 17 жеңіс және 2 жеңіліс. Ал 30 жастағы Азат Мақсұм мансабында 15 жеңіс және 1 жеңіліс тіркеген.