Садриддин Ахмедов табысқа жетудің құпиясын ашты

Садриддин Ахмедов табысқа жетудің құпиясын ашты
Бокс

Садриддин Ахметов

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) табысқа жетуіне не себеп болатынын айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Табысқа жетудің ең жақсы жолы — өз ісіңе ғашық болу», — деп жазды Ахмедов Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 19 сәуір күні АҚШ-тың Коммерс қаласында өткізді. Қарсыласы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-7-1, 16 KO) болды. Бұл кездесуде қазақстандық спортшы айқын фаворит саналғанымен, жекпе-жек он раундқа созылып, күтпеген тең нәтижемен аяқталды. Бұл — Садриддиннің 2025 жылғы алғашқы жекпе-жегі болды.