Қазақстандық спортшыны UFC турнирінде Хабибтің досына қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңістен «айырып қойды»

Қазақстандық спортшыны UFC турнирінде Хабибтің досына қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңістен «айырып қойды»
Жекпе-жек

Getty Images

Vedomosti.ru ресейлік басылымы UFC турниріндегі қазақстандық файтер Азат Мақсұм мен Хабиб Нурмагомедовтің командасынан шыққан ресейлік Тагир Уланбеков арасындағы жекпе-жекке жасаған болжамын жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Басылымның пікірінше, бастапқыда Тагир Уланбековке Bellator және Rizin чемпионы Кэдзи Хоригути қарсылас ретінде белгіленіп, бұл жекпе-жек оны рейтингте жоғары көтеруі мүмкін еді. Алайда жапон спортшысының жарақатына байланысты ресейлік балуан тағы да ТОП-15 қатарына кірмейтін қарсыласқа тап болды.

— Соған қарамастан, Мақсұм — өте қауіпті спортшы. Бұл ресейлік үшін оңай жекпе-жек болмайтыны анық. Қазақстандық файтер тік тұрыс жағдайында паритетке қол жеткізе алады және осы бағытта қарсыласына едәуір қиындықтар тудыруы мүмкін.

Бірақ негізгі артықшылық Уланбековте екені сөзсіз — ол партерде мықты. Оның жердегі айла-тәсілдер арсеналы кең, сонымен қатар қарсыласын ұстап тұру арқылы ұпай жинауға дағдыланған. Ал Мақсұмнан күресте жақсы қорғаныс күтуге болады, бірақ бұдан артық нәрсе — екіталай. Қазақстандық үшін тік тұрыс әлдеқайда ыңғайлы, сондықтан ол жекпе-жекті мүмкіндігінше партерге түсірмей, тік тұрыс жағдайында жүргізуге тырысады.

Осы факторларды есепке ала отырып, біз жекпе-жек толық дистанцияға созылады деп болжаймыз. Бұған дейін бұл екі спортшы да мерзімінен бұрын жеңіліп көрмеген, сондықтан Бакуде де сондай нәтиже күтіп отырмыз, — деп жазады басылым.