UFC президенті Шавкат Рахмоновтың салмағындағы чемпиондық жекпе-жекке қатысты түсініктеме берді

Getty Images
UFC промоушенінің президенті Дана Уайт ABC 8 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектің әлі жарияланбауы және оның өтетін күні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.
«Егер Махачев пен Маддалена арасындағы жекпе-жектің күні мен орны әлі жарияланбаған болса — оған себеп бар. Бірақ жақын арада бәрін білетін боласыздар», — деді Уайт баспасөз мәслихатында.
Махачев соңғы жекпе-жегін 18 қаңтарда өткізген. Сол кезде ол АҚШ-тың Калифорния штаты, Лос-Анджелес қаласында өткен UFC 311 турнирінің басты айқасында бразилиялық Ренату Мойканомен октагонға шыққан болатын. Жекпе-жек ресейлік спортшының бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетуімен аяқталды. Бұл Ислам үшін жеңіл салмақтағы қатарынан 14-інші жеңісі болды.
Маддаленаға қарсы жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Егер Ислам жеңіске жетсе — қазіргі уақытта Джекке тиесілі чемпиондық белбеудің иесі атанады. Бұл дивизионда үшінші орында жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов тұр.