«Астанаға» қарсы ойыннан кейін теріс пікірге ұшыраған «Ақтөбе» шабуылшысы пікір білдірді

«Астанаға» қарсы ойыннан кейін теріс пікірге ұшыраған «Ақтөбе» шабуылшысы пікір білдірді
Футбол

«Ақтөбе» ФК

«Ақтөбе» шабуылшысы Оралхан Өміртаев клуб жанкүйерлеріне «Астанадан» 0:1 есебімен ұтылғаннан кейін үндеу жолдады, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қақпаға соққы жасамаған сәт үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Кейбіреулер мен әдейі істедім деп жазып жатыр, бірақ олай емес. Мен ондай ойыншы емеспін. Алланың алдында арым таза, әр ойында 100 пайыз беріліп ойнаймын», — деп жазды Өміртаев Instagram парақшасында.

Ойынның 69-минутында Өміртаев қорғаушылардан сытылып шығып, қақпашымен бірден-бірге шықты. Алайда соққы жасау орнына допты өзіне тартып, «Астана» қорғаушысы Алекс Амановичпен болған жанасудан кейін шабуыл сәті аяқталды.