Елдос Сметов Еуропалық жанкүйерлердің өтінішін жерге тастамады (ФОТО)

Дзюдо
2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатқан Будапештте жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақ дзюдосының жарқын жұлдызы Instagram парақшасында Венгрия астанасында түсірілген суреттер мен бейнежазбалармен бөлісті. Онда Сметовке еуропалық жанкүйерлер ерекше қызығушылық танытып, автограф сұрап, естелік суретке түсуге ұмтылып жатқаны көрінеді. Елдос болса ешбір жанкүйерін назардан тыс қалдырмай, барлығына жылы қабақ танытып жүр.
Айта кетейік, Сметов Будапештке ұлттық құраманы қолдау мақсатында арнайы барған.