Қазақстан құрамасының көшбасшысының белдесуі драмамен аяқталды

Қазақстан құрамасының көшбасшысының белдесуі драмамен аяқталды
Дзюдо

Olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан спортшы турнирді екінші айналымнан бастады.

Чемпионаттағы алғашқы қарсыласы ресейлік Марина Воробьева болды.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Алайда "алтын ұпай" кезеңінде Абиба сәтті әдіс жасап, жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.