Абужақынова финалдан кейін пікір білдірді

Дзюдо
ҚДФ
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова 2025 жылы Будапештте (Венгрия) өткен дзюдодан әлем чемпионатындағы нәтижесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Qazsport арнасына сілтеме жасап.
- «Биылғы басты мақсат - әлем чемпионаты болды. Сондықтан Азия біріншілігіне қатысқан жоқпын. Жаттықтырушылармен бірге тактика жағынан көп жұмыс істедік. Алайда финалда қателікке жол бердім. Егер «Юко» әдісіне түспегенімде, кездесуді “Голден скорға” (қосымша уақыт – бірінші ұпай немесе ескерту берілгенге дейінгі белдесу) апарып, жеңемін деп ойладым. Бұл жерге алтын үшін келдім. Өкінішке қарай, болмады. Бірақ алда өз елімізде өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның әнұранын шырқату үшін барымды саламын», — деді Абужақынова.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын үшін өткен кездесуде Абиба Италияның дзюдошысы Ассунта Скуттомен белдесіп, иппон тәсілімен жеңіліп қалды.