Камару Усман Шавкат Рахмоновтың салмағында жеңіске жеткен соң чемпиондық жекпе-жек туралы мәлімдеді

Getty Images
UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) бұрынғы чемпионы, «Нигериялық қорқыныш» лақап атымен танымал Камару Усман (21-4) мансабын сәтті қайта бастап, Атлантада (АҚШ) өткен UFC on ESPN 69 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Хоакин Баклиді (21-7) төрешілер шешімімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz Vringe.com сайтына сілтеме жасап.
37 жастағы Усман бұл кездесуге дейін соңғы рет 2023 жылдың қазан айында октагонға шыққан болатын және қатарынан үш жеңіліс тапқан еді.
— Өзімді жақсы сезініп тұрмын, — деді Усман жекпе-жек аяқталған соң, көз жасын әрең тыйып. — Ұзақ уақыт бойы октагонға шықпаған соң, иығымдағы ауыр жүкті тастауым керек болды. Мен әлі де ең жоғары деңгейде өнер көрсетуге қабілеттімін. Мұндай жас, дарынды және агрессивті қарсыласпен жекпе-жекке шыққанда, тәжірибеңе, шеберлігіңе сүйенуің қажет. Бүгін мен солай істедім. Жауынды көбірек жасағым келді, бірақ оған уақыт керек. Сондықтан көңілім тоқ.
— Мен оның мықты болатынын білдім. Ол — дарынды спортшы. Барлық жекпе-жекшілерге үлкен құрметпен қараймын, себебі бұл спортта не қажет екенін, қандай еңбек тұрғанын жақсы білемін. Әсіресе мен сияқты тәжірибелі қарсыласпен жекпе-жекке шығу оңай емес. Сондықтан ол көрсеткен өнерге алғыс айтамын.
— Интернетте менің тізелерім туралы айтылатын әңгімелерді білемін: «О, оның тізелері, тізелері!» — деп бос сөз айтатындарға айтарым: жапсыңдар ауыздарыңды! Мен әлі де өз ісімді жасай аламын. Кез келгенімен. Бұл жекпе-жек — иығымдағы жүкті тастау болатын. Бұрынғы кездегі қарқынға енгенімде, менің керемет нокауттарымды көрдіңдер. Ондай сәттер әлі де болады. Кім келесі титулдық жекпе-жекте қарсылас болса да — кездесеміз!
Айта кетейік, дәл осы салмақта Қазақстандық жеңілмеген файтер Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. «Номад» қазіргі уақытта дивизионда үшінші орында тұр. Усман бұл кездесуге дейін рейтингте бесінші, ал Бакли жетінші сатыда орналасқан болатын.