Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-2025 турнирінің ширек-финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы ӘЧ-2025 турнирінің ширек-финалына шықты
Дзюдо

Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Мәжжан Шамшадин Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалдық белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан спортшы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы ол Бельгия өкілі Йорре Верстратенді жеңді.

Екі спортшы да екі ескерту алғанымен, белдесудің тағдырын Мәжжанның сәтті орындаған әдісі шешті.

Бұған дейін 1/4 финалға Абиба Әбужақынова (48 кг дейін) да жолдама алған болатын.