Өзбекстанда Қазақ футболының басымдылығын мойындады
«Қайрат» ФК
Өзбекстандық спорт журналистері Яхьёхожа Улуғхожаев пен Бекзод Исаев Sports.uz YouTube арнасында Қазақстан мен Өзбекстан футболындағы трансферлік нарықтарды салыстырды, деп хабарлайды Bassport.kz.
5 маусым күні Тимур Кападзенің басшылығымен өнер көрсеткен Өзбекстан құрамасы сырт алаңда БАӘ құрамасымен тең ойнады (0:0). Бұл нәтиже өзбекстандықтарға 18 ұпай жинауға және әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алуға мүмкіндік берді.
Улуғхожаев: «Біздің трансферлік нарықта ресейлік агенттерден басқа агент жоқ деуге болады. Жергілікті агенттеріміз ресейліктерге бәсекелестік көрсете алмай отыр. Көптеген талантты ойыншылар Ресейге кетті, бірақ біразы қайта оралды».
Исаев: «Неге басқа елдердің агенттері Қазақстанға барады? Себебі Қазақстан УЕФА құрамына кіреді, ал Өзбекстан — АФК-да. Қазір Өзбекстан әлем чемпионатына шықты, сондықтан бізге де, Қазақстан сияқты, әлемнің түкпір-түкпірінен футбол агенттері келе бастайды деген үміт бар».