Қазақ боксшысы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақ боксшысы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Бокс

Fight.ru

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Bassport.kz vRINGe.com сайтына сілтеме жасап.

WBC (Әлемдік бокс кеңесі) жаңа шешімін жариялап, Доминикан Республикасынан шыққан қазіргі чемпион Карлос Адаместің келесі қарсыласы Мейірім Нұрсұлтанов екенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл жекпе-жекте WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Әзірге жекпе-жектің нақты уақыты мен өтетін орны белгісіз.

Карлос Адамес бұған дейін өзінің басты мақсаты - WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен біріккен атақ үшін жекпе-жек өткізу екенін айтқан болатын.