«Астана» Қазақстан құрамасынан ерекше ұсыныс алды

Футбол
«Астана» ФК
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Bassport.kz мәліметінше, «ЖБ-шоу» YouTube арнасында сөйлесу барысында жартылай қорғаушы Абзал Бейсебековтің құрметіне «Астана» клубы 15-нөмірді мәңгілікке бекітіп қоюы мүмкін екенін айтты.
Бейсебеков 2009 жылы Астананың «Локомотив» командасының құрамында ойнаған. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана» сапында 282 матч өткізіп, 13 гол соққан. Қазақстан құрамасында алғашқы кездесуін 2014 жылы өткізіп, 49 ойында алаңға шыққан.
— Бейсебеков «Астана» «Астана» атанған кезден бастап ойнап келеді ғой?
— 2009 жылы «Астана» «Локомотив» болатын. Сол кезден бері, міне, 16 жыл өтті, ол 15-нөмірмен ойнап жүр. Меніңше, «Астана» клубы мұны біледі және бұл нөмірді оның құрметіне бекітеді деп ойлаймын.