Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновтың дивизионында болған сенсацияға пікір білдірді

Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновтың дивизионында болған сенсацияға пікір білдірді
Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77,1 кг дейін) бұрынғы уақытша чемпионы Белал Мухаммад Атлантада (Джорджия, АҚШ) өткен UFC on ESPN 69 турниріндегі басты жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Аталған жекпе-жекте бұрынғы чемпион Камару Усман рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған Хоакин Баклиді бес раундқа созылған айқаста төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Бұл жеңіс Усман үшін қатарынан үш жеңілістен кейінгі алғашқы табысты нәтиже болды. Айта кету керек, ол бұл жекпе-жекке шамамен екі жылдық үзілістен кейін шықты.

Осы жағдайға қатысты Белал Мухаммад әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа ғана жазба қалдырды:

«Құттықтаймын, жақында кездесеміз!» — деп жазды Мухаммад.
Еске салайық, дәл осы салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. «Номад» қазіргі таңда дивизионда үшінші орында тұр. Жекпе-жек алдында Камару Усман рейтингте бесінші, ал Бакли жетінші орында болған.