Олимпиада чемпионы жастар құрамасын Түркістанда шыңдауда (ВИДЕО)

Бокс
Қазақстанның 22 жасқа дейінгі боксшылары Түркістан облысындағы биік таулы спорт базасында оқу-жаттығу жиынын бастады.
Жаттығу процесін 2008 жылғы Олимпиада чемпионы, ұлттық құраманың аға бапкері Бақыт Сәрсекбаевтың өзі жүргізуде.
Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл жаттығу барысына бейжай қараған жоқ. «Бақыттың өзі Олимпиадаға дайын ғой», «Осындай дайындықпен біздің жігіттер Олимпиада чемпионы болады», «Жастардан Бақыт жылдам сияқты» деген секілді пікірлер желіде кеңінен таралуда.
Айта кетейік, 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында дәл осы құраманың спортшылары 22 алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанды жалпыкомандалық есепте көш басына шығарған болатын.