Қазақстандық дзюдошы Әлем Чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық дзюдошы Әлем Чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Дзюдо

Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Мәжжан Шамшадин (60 келіге дейін) Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік додадағы алғашқы айналымда оған қарсы АҚШ өкілі Дэвид Терео шықты.

Шамшадиннің қарсыласы үш ескерту алып, нәтижесінде отандасымыз жеңімпаз атанды.

Келесі кезеңде Мәжжан татамиде Испания спортшысы Франсиско Гарригоспен кездеседі.