Танымал ММА-промоушен Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр

Бокс
Жекпе-жек
"АСА" лигасы
Ресейлік ACA лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев промоушеннің Қазақстанда ірі турнир өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бадаевтың айтуынша, кештің басты жекпе-жегі ретінде қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы мен ресейлік Максим Гришиннің кездесуі болуы мүмкін. Бұл екеуі алғаш рет 2023 жылдың желтоқсанында RCC лигасында кездесіп, сол жекпе-жекте ресейлік спортшы жеңіске жеткен. Алайда кейінірек бұл кездесу жарамсыз деп танылған еді.
— Бұл әлі 100% нақты емес, бірақ лига қыркүйек айында Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр. Лига Артём Резниковты, Асылжанды [Бақытжанұлын] көргісі келеді. Мүмкін, Багдос [Олжабайды] кешіріп, оны лигаға қайта қосу — егер ол қаласа. Сондай-ақ тағы екі-үш жергілікті үміткерді де қатыстыру жоспарда бар, — деді Бадаев өзінің подкастында.