ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде өткен Қазақстан - Солтүстік Македония кездесуіне қанша көрермен келгені белгілі болды

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде өткен Қазақстан - Солтүстік Македония кездесуіне қанша көрермен келгені белгілі болды
Футбол

kff.kz

Football Meets Data атты футбол матчтарының статистикасын жариялайтын X-аккаунт 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі ойындарының көрермендер санын ұсынды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Аталған дереккөздің мәліметінше, Астанада өткен Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары арасындағы матчты «Астана Аренада» 27 694 жанкүйер тамашалаған.

6 мен 10 маусым аралығында Еуропалық іріктеу кезеңіндегі ең көп көрермен жинаған ойын – Австрия мен Румыния арасындағы кездесу болды, бұл матчты 48 500 адам стадионнан көрді.

Еске сала кетейік, Қазақстан – Солтүстік Македония матчы 9 маусым күні өтіп, қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш матч өткізгеннен кейін, Қазақстан құрамасы үш ұпаймен топта төртінші орында тұр.