Қазақстандық спортшы үшін дзюдодан Әлем Чемпионаты күтпеген нәтижемен басталды

Дзюдо
Olympic.kz
Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан татамиге алғаш болып Галия Тынбаева шықты. Ол жарысты Нидерланды спортшысы Эмбер Херсйэспен кездесуінен бастады. Кездесудің соңына таман қарсыласы тиімді әдіс қолданып, жеңіске жетті. Осылайша, Галия Тынбаева жекелей сында өз өнерін аяқтады.
Айта кетейік, бұл салмақта Абиба Әбужақынова да өнер көрсетеді.