Бахыт Сәрсекбаев ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына ұсынылды

Бахыт Сәрсекбаев ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына ұсынылды
Бокс

Бахыт Сәрсекбаев

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов Erbol Seilkhan YouTube-арнасына берген сұхбатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Бахыт Сәрсекбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz.

— «Соңғы уақытта Бахыт Сәрсекбаев ұлттық құраманың бас бапкері бола ала ма деген сұрақ жиі көтеріледі. Неге болмасын? Мен 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында Сәрсекбаевпен бірге болдым. Оның көзқарастарын, идеяларын бақылап келемін. Ол - батыл, нақты әрі орынды ой айта білетін маман. Оның бойындағы жігер мен қайрат әлі де күшінде. Әрине, бұл шешімді мен емес, боксты терең білетін мамандар қабылдауы керек. Егер олар лайық десе - мүмкіндік беру қажет деп есептеймін», — деді Қасқарауов.

Айта кетейік, 2025 жылы Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның U-22 құрамасы Бахыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен 22 алтын медаль жеңіп алды.