Дереккөз: Майкл Пейдж - Джаред Каннонье арасындағы жекпе-жек UFC 319 турнирінде орын алады

Дереккөз: Майкл Пейдж - Джаред Каннонье арасындағы жекпе-жек UFC 319 турнирінде орын алады
Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

Орта салмақтағы (84 кг-ға дейін) америкалық Джаред Каннонье мен британиялық Майкл Пейдж арасындағы жекпе-жек UFC 319 турнирінде, 17 тамызда Чикагода (АҚШ) өтуі мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Crazy Kev MMA парақшасының әлеуметтік желілердегі жазбасына сілтеме жасай отырып.

Джаред Каннонье 41 жаста. Американдық спортшы UFC-де 2015 жылы дебют жасаған. Соңғы жекпе-жегінде, UFC Fight Night 251 турнирінде ақпан айында Каннонье бразилиялық Грегори Родригесті техникалық нокаутпен жеңді.

Майкл Пейдж 38 жаста. Британиялық спортшы UFC-де 2024 жылы дебют жасаған. Соңғы жекпе-жегінде, UFC Fight Night 250 турнирінде ақпан айында Пейдж ресейлік Шарабутдин Магомедовқа мансабындағы алғашқы жеңілісті сыйлап, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.