Лос-Анлжелесте өтетін Олимпиаданы басқа қалаға көшіруі мүмкін

Sportbox
2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының Лос-Анджелесте өтуі күмән тудырып отыр. Бұл туралы Bassport.kz «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Сенатында өткен тыңдаулар барысында саясаткер Берни Морено Олимпиаданы және футболдан әлем чемпионатының матчтарын Лос-Анджелестен көшіруді ұсынды.
Оның айтуынша, елдің батыс жағалауындағы ең ірі мегаполисте бір апта бойы мигранттар мен солшыл радикалдардың жаппай толқуы басылмай тұр. Қалада көліктер өртеліп, дүкендер тоналып, полициямен қақтығыстар жиілеген. Тәртіпті қалпына келтіру үшін 2000 ұлттық гвардия сарбазы мен 700 теңіз жаяу әскері тартылған.
Мұндай жағдайлар АҚШ билігінің Олимпиада мен басқа да ірі халықаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алуына күмән туғызуда.
Алайда, Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әзірге алаңдаушылық білдірмей отыр.