Еуропада чемпионат тарихындағы ең жас ойыншы дебют жасады

Еуропада чемпионат тарихындағы ең жас ойыншы дебют жасады
Баскетбол

«МАРУССИ» БК

Греция баскетбол чемпионатының плей-офф кезеңінде "Арис" пен "Марусси" командалары арасындағы ойында турнир тарихындағы ең жас ойыншы алаңға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Қонақтар құрамындағы "Арис" 114:108 есебімен жеңіп жатқан овертаймда 14 жастағы Парис Клонцарис алаңға шығып, Греция чемпионатында ойнаған ең жас баскетболшы атанды. Ол өз дебютін 14 жас, 4 ай және 1 күнде жасады. Бұрынғы рекорд иелері – Георгиос Папаяннис және "Марусси" командасының қазіргі капитаны Лефтерис Манцукас да 14 жасында алаңға шыққан болатын, бірақ олар Клонцарисқа қарағанда біршама үлкен еді. Ойынның қорытындысында "Арис" 114:109 есебімен жеңіске жетті.