"Астана" "Болашақ ойындарының" қола жүлдегері атанды

Баскетбол
Киберспорт

“Астана” КБК / Сурет: “Болашақ ойындары-2026” турнирінің ұйымдастыру дирекциясы

"Астана" баскетбол клубы  Абу-Дабиде өткен 2025 жылғы "Болашақ ойындары" халықаралық турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Спорт, цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді бір арнаға тоғыстырған "Болашақ ойындарының" фиджитал-баскетбол сынында бәсекеге түскен "Астана" баскетбол клубы үшінші орынға ие болды. Команда алдымен цифрлық сында бәсекеге түсіп, артынша 3х3 форматтағы баскетболда шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде, қазақстандық баскетболшылар үздік үштіктің қатарынан көрінді. 

Айта кетейік, 2026 жылы "Болашақ ойындары" біздің елімізде өтеді. Жарысты Астана қаласы қабылдайды деп жоспарланып отыр.