Бибісара Асаубаева 12-әлем чемпионын жеңді

Бибісара Асаубаева 12-әлем чемпионын жеңді
Шахмат

Бибісара Асаубаева. Сурет: FIDE

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева 12-ші әлем чемпионын жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Фишер шахматынан әйелдер арасындағы көрсетілім матчында  12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді.

Аталған жеңіс 2027 жылы Вайссенхаус қаласында өтетін фристайл-шахматтан өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Сондай-ақ спортшы келесі жылы жарысқа қайта оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді.