«Семей» футзал клубы Еуропадағы бәсекесін жалғастырады
Қазақстан футзалы халықаралық аренада қарқынды дамып келеді. Ел клубтары Еуропаның жетекші командаларымен бәсекеге түсіп, отандық футзал мектебінің әлеуетін дәлелдеуде. Солардың бірі — «Семей» футзал клубы.
Салыстырмалы түрде жас ұжым болғанына қарамастан, «Семей» қысқа мерзім ішінде ұлттық чемпионат көшбасшыларының қатарына қосылды. Команда жүйелі ойын өрнегімен, жоғары қарқынымен және ұйымшылдығымен тұрақты нәтижеге қол жеткізіп келеді.
Қазіргі таңда семейлік клуб УЕФА Футзал Чемпиондар лигасы аясындағы бәсекесін жалғастыруда. Қарсыласы - Францияның «Этуаль Лаваллуаз Майенн» командасы.
Екі матчтан тұратын текетірестің алғашқы ойыны Франциядағы «Эспас Майенн» аренасында өтеді.
Қарымта кездесу 6 наурыз күні Семей қаласындағы Абай аренада өтеді.
Дәуренқызы Еркенұр