Шахмұрат Мүтәліп "Ордабасы" клубының иесі атанды
Футбол
Шахмұрат Мүтәліп. Сурет: Kursiv.media
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп "Ордабасы" футбол клубына иелік етті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды.
Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды. Меморандум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.