Олимпиада-2026: Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша ширек финалға шықты

Олимпиада-2026: Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша ширек финалға шықты
Қысқы спорт

Абзал Әжғалиев.Сурет: Сали Сабиров/ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге жүгіру жарысының іріктеуі сайысы өтті. Бұл сында Қазақстан атынан Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша бақ сынады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Абзал Әжғалиев аталған қашықтықты 40.394 секундта жүгіріп, өз тобында мәре сызығын бірінші болып кесті және ширек финалға тікелей жолдама алды.

Ал Денис Никиша 40.818 секунд уақыт көрсеткішімен өз тобында үшінші орын алған. Алайда әр топта үшінші нәтиже көрсеткен спортшылар арасында үздік төрттікке еніп, ширек финалға шықты. 

Финалдық жарыстар 18 ақпанда өтеді деп жоспарланған.