Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов жарыс жолын аяқтады

Олимпиада-2026: Ростислав Хохлов жарыс жолын аяқтады
Қысқы спорт

Ростислав Хохлов. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Бүгін Италиядағы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан ерлер арасында слалом сайыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл сында Қазақстан құрамасының атынан Ростислав Хохлов сынға түсті. Отандасымыз бірінші кезеңде жарыс жолын аяқтай алмады.

Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.