NetsDaily - Қытайдағы жанкүйерлер NBA ойыншысымен кездесуге $300-ден астам қаржы жұмсады

Баскетбол
Getty Images
"Бруклин Нетс" командасының қорғаушысы Д'Анджело Расселл Қытай туры барысында көптеген жанкүйер жинады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. NBA ойыншысы Қытайға өзінің жаңа кроссовка желісін насихаттау мақсатында барған.
Расселл жеті күн ішінде төрт қалаға барды: Куньмин, Бейжің, Чаншу және Гонконг. NetsDaily басылымының хабарлауынша, Қытай астанасында жанкүйерлер Д'Анджелоға сұрақ қою, селфи жасау және қолтаңба алу мүмкіндігі үшін 2299 юань (шамамен 320 АҚШ доллары) төлеген.