Елдос Сметов Қазақстанға қашан оралады?

Дзюдо
Әлеуметтік желі
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов көптен күткен Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының арнайы қонағы ретінде Астанаға оралмақ.
Жарыс 9-11 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Елдос Қазақстан құрамасын қолдау үшін отанға ат басын бұрмақ.
2024 жылғы Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері қаңтар айында ағылшын тілін үйрену мақсатында Ұлыбританияға кеткен болатын. Спортшы бұған дейін шетелдік жарыстарда тіл білмеудің үлкен кедергі екенін бірнеше рет айтқан. Әсіресе, жапондық атақты дзюдошы Наохиса Такатомен еркін сөйлесе алмауы оны алаңдататынын жасырмады.
— Қазір ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Құдай қаласа, келесі жылы IJF-ке ағылшынша сұхбат беремін деп үміттенемін, - деген еді Сметов өткен жылы.