Абиба Абужақынова "Grand Slam" турнирінің қола жеңімпазы

Абиба Абужақынова
Дзюдо

Olympic.kz

Қазақстандық танымал дзюдошы Абиба Абужақынова Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан "Grand Slam" турнирінде қола жүлдені місе тұтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты  Olympic.kz. сайтына сілтеме жасай отырып.

48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абиба жартылай финалдық сайыста Вэньне Чжуаннан ұтылып, қола жүлде үшін жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Улбусин Хакимованы тиімді әдіс арқылы уақытынан бұрын жеңіске жетті.