«Барселонада» Ямальдың жалақысы бойынша командада дау туындады

Әлеуметтік желі
«Барселонада» 17 жастағы Ламин Ямальдың қарқынды дамуы мен болашақ көшбасшы ретінде қабылдануы клуб ішінде пікірталас тудырып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz El Nacional-ға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Ямаль клубтағы ең жоғары жалақы алатын 10 ойыншының қатарына кірмейді. Ол жылына шамамен 3 миллион еуро табыс табады. Алайда жағдай 13 шілдеде, футболшы 18 жасқа толғанда, түбегейлі өзгереді. Бұл күні агенті Жорже Мендеш әзірлеген толыққанды келісімшарт күшіне енеді.
Испаниялық БАҚ мәліметінше, жаңа бесжылдық келісімшартқа сәйкес Ямальдың жылдық жалақысы Роберт Левандовскидің табысын да артқа тастауы мүмкін. Құжаттар рәсімделіп қойған, және клуб келісімнің іске асуына ешқандай кедергі көріп отырған жоқ. Болжам бойынша, Ямаль жылына 35–40 миллион еуро көлемінде табыс табуы мүмкін.
Бұл сома командадағы бірқатар тәжірибелі ойыншылардың алаңдаушылығын туғызған. Олар клуб ішіндегі иерархияның бұзылуынан қауіптеніп, әлі толық қалыптаспаған жас ойыншыға артықшылықтар беріліп отыр деп санайды.