Бруно Фернандеш Еуропа Лигасының үздік үш сұрмергеннің қатарына енді

Футбол
Getty Images
2 мамыр күні УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы жартылай финалдық матчында "Манчестер Юнайтед" сырт алаңда "Атлетик Бильбаоны" 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойында Бруно Фернандеш дубль авторы атанып, Еуропа Лигасында 26 және 27 голдарын соқты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Португалдық футболшы бұл көрсеткіш арқылы Александр Ляказетт, Ариц Адурс және Ромелу Лукакумен (27) теңесті. Фернандештен көбірек Еуропа Лигасында тек Рамадель Фалькао (30) және Пьер-Эмерик Обамеянг (34) соққан.