«Картахе» ойыншысы матч жайлы өз пікірін білдірді

Футзал
Кеше түнде алматылық «Қайрат» испандық «Картахені» жеңіп, футзалдан Чемпиондар Лигасының финалына шықты. «Картахе» футзалшысы Мельядо ойын жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты УЕФА ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
- Ойын кезінде басым болып, жеңілгеніміз өте өкінішті әрине. Көп мүмкіндіктерді мүлт жіберсең, Чемпиондар Лигасының жартылай-финалын жеңу әрине қиын. Финалдық кезеңге жету үшін, біз өте көп дайындалдық, бірақ, ұтылып қалғанымыз қиынға соқты.
Естеріңізге сала кетсек, алматылық «Қайрат» Францияның Ле-Ман қаласында өткен УЕФА Чемпиондар Лигасының төрттік финалына жолдама алып, жартылай финалда «Картахені» 3:2 есебімен жеңген еді.