Гвардиола маусымдағы басты қатесін мойындады

BBC
«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия Премьер-лигасының аяқталуға жақын қалған маусымында жіберген ең үлкен қатесін ашық мойындады, деп хабарлайды Bassport.kz Mirror басылымына сілтеме жасап.
Испаниялық маманның айтуынша, ол клуб академиясынан шыққан жас ойыншыларға сенім артуды тым кеш бастаған. Атап айтқанда, 20 жастағы Нико О’Райли мен 22 жастағы Джеймс Макати негізгі құрамда ертерек ойнауы керек еді.
– Қазір ойлап отырсам, неге Никоны қарашада, желтоқсанда, қаңтарда немесе ақпанда шығармадым? Неге Джеймсті де ертерек қоспадым? Сол кезде олар дайын емес сияқты көрінді. Ал қазір ойнап жүр және олардың дайын екені анық, – деді Гвардиола.
Айта кетейік, О’Райли тіпті қорғаныста ойнап жүріп, АПЛ мен Англия Кубогында 5 гол соққан. Макати де соңғы ойындарда жиі негізгі құрамнан көріне бастады.
Бапкердің бұл мойындауы команданы қайта құру процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Жазда 33 жастағы Кевин де Брюйне клубтан еркін агент ретінде кетуге рұқсат алды. Ал қысқы трансфер кезеңінде «Сити» бірнеше жас ойыншымен толықты: Нико Гонсалес (23), Омар Мармуш (26), Витор Рейс (19) және Абдукодир Хусанов (21).