Геннадий Головкин "Канелоға" бокстың Даңқ залына кіруіне көмегін тигізді

The Ring
Boxinginsider.com сайты бірнеше салмақ дәрежелерін бағындырған мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтаған кезде Даңқ залына кіре алатынына сенімді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Мақала авторы Шон Кроуздың пікірінше, Альварестің атақты боксшыларды жеңуі – оның Даңқ залына өтуіне тікелей әсер етеді. Сол тізімде Геннадий Головкинге қарсы 2018 және 2022 жылдардағы екі жеңіс те бар.
«Канело Альварес – Флойд Мэйуэзер дәуірінен кейінгі ең ірі боксшы. Ол тек қомақты табысқа ғана қол жеткізген жоқ, сонымен қатар өз буынының үздіктерінің бірі екенін дәлелдеді.
Ол жұдырықтасқан және жеңген жоғары деңгейлі қарсыластарының саны – ерекше. Мигель Котто, Геннадий Головкин, Сергей Ковалев, Калеб Плант, Амир Хан, Каллум Смит және тағы басқалары – бәрі де бұл жұлдызды қызғылт шашты мексикалықтан жеңіліс тапты. Ол зейнетке шыққанда Бокс даңқ залына енетініне еш күмән жоқ.
Канелоның мансабы аяқталуға таяу. Сондықтан ринг шеберінің өнерін әзірше тамашалап үлгеру керек», – делінген мақалада.