"ПСЖ" бас-бапкері Луис Энрике "Арсеналға" қарсы ойынға арналған құрамы жайлы: "Мен Артетаға ешқандай мүмкіндік бермеймін"

Футбол

Getty Images

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының бас бапкері Луис Энрике Лига 1-де «Ниццаға» қарсы өткен ойында (1:3) жеңілгеннен кейін алдағы Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Арсеналға» қарсы матчқа байланысты құрам жайлы пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Айта кетейік, кездесу 29 сәуірде өтеді.

«Мен мүлдем уайымдамаймын. Біз шабуылдадық, қарсыластың қақпашысы бірнеше керемет сейв жасады. Бізде 30-ға жуық гол соғатын мүмкіндік болды. Біз жеңіске лайық болдық, бұл жерде ешқандай күмән жоқ. Бірақ егер қарсылас 100% суыққанды ойнап, сен олай жасай алмасаң, бәрі өзгереді. Бұл – өте қарапайым нәрсе.

Ал «Арсеналға» қарсы матчтағы құрам ба? Бұл туралы өздеріңіз қалағандай ойлай беріңіздер. Мен Микель [Артетаға] ештеңе айтпаймын», – деп Энрикенің сөздерін келтіреді Get French Football News басылымы.