Аморим «МЮ» шабуылы жайлы: «Қыста ешкімді алмасақ та, бұл тәуекелге тұрарлық болды. Маңыздысы – осы маусымда 10 гол артық соғу емес, клубтың болашағы»

Аморим «МЮ» шабуылы жайлы: «Қыста ешкімді алмасақ та, бұл тәуекелге тұрарлық болды. Маңыздысы – осы маусымда 10 гол артық соғу емес, клубтың болашағы»
Футбол

Emilio Andreoli / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим қыста жаңа шабуылшылардың келмегеніне қуанышты екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Қаңтар айында біз кейбір ойыншыларды жоғалттық және ешкімді алмадық. Бұл үлкен тәуекел болды. Бірақ, кейде осы маусымда 10 гол артық соғудан да маңызды нәрселер бар. Біз әлдеқайда мәні бар бір істі жүзеге асыруға тырысып жатырмыз. Бәлкім, қазір құрамымыз әлсіреп жатқан болар, бірақ болашақта клуб осыдан ұтады», – деді «МЮ» бас бапкері.