Жәнібек Әлімханұлы Адамеспен жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады (ФОТО)

Бокс
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 KO) мүмкін болатын жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Мен Карлос Адаместі құртамын, оны нокаутқа жіберіп, ерте зейнетке шығарамын. Барлық күмән сейілгенде, менің иығымда төрт белбеу - соның ішінде WBC мен The Ring тұрады. Бұл жекпе-жек күзге дейін өтуі тиіс», - деп жазды Жәнібек өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, қос боксшы бұған дейін әлеуметтік желілерде бірнеше рет сөз таластырып, бір-бірін жекпе-жектен қашты деп айыптаған. Алайда әзірге нақты келісімге келе алған жоқ.